Новости сайта
ЖОЛСІЛТЕМЕ / ПУТЕВОДИТЕЛЬ
Расписание ознакомительной недели для 1 курса
Құрметті студенттер, сіздерге жазғы семестрдің мерзімі туралы хабарлаймыз, онда академиялық қарыздарыңызды, пән айырмашылығын жоя аласыздар, сондай-ақ пәндерді қайта игеруге жазылуға болады.
Жазғы семестрден өтуге арналған өтініш басталуына дейінгі бір ай бұрын қабылданады.
Жазғы семестр мерзімі:
- Бакалавр (дуальды оқыту нысаны, 1-курс) – 2023 жылғы 19 маусымнан бастап 28 шілдеге дейін.
- Бакалавр (екінші жоғары білім, 2 жыл) – 2023 жылғы 19 маусымнан бастап 28 шілдеге дейін.
- Бакалавр (1, 2-курс) – 2023 жылғы 19 маусымнан бастап 28 шілдеге дейін.
- Бакалавр (2-курс қысқартылған, 3-курс) – 2023 жылғы 3 шілдеден бастап 11 тамызға дейін.
- Бакалавр (3-курс – Химия-Биология) – 2023 жылғы 24 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін.
- Бакалавр (3-курс – География-Тарих) – 2023 жылғы 17 шілдеден бастап 25 тамызға дейін.
- Магистратура, Докторантура (1, 2-курс) – 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 23 маусымға дейін.
- Ректордың бұйрығымен қосымша грант алған 1-курс студенттеріне 1-семестрдің академиялық айырмашылығы мен пәндерін тапсыруға байланысты 1 шілдеге дейін емтихан сессиясы ұзартылады. Өтініштерді қабылдау 2023 ж. 1 маусымға дейін жүзеге асырылады.
- Академиялық айырмашылықты жоюға арналған өтініштерді қабылдау:
1) 1 мен 2-курс студенттері, магистранттары үшін 2023 ж. 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін;
2) 3-курс студенттері үшін 2023 ж. 1 маусымнан бастап 26 маусымға дейін.
- «Қазақстан тарихы» пәнінен академиялық қарызы бар 1-курс студенттері 2023 жылғы 18 мамырдан бастап 26 мамырға дейін жеке кабинет арқылы немесе білім алушыларға қызмет көрсету орталығына академиялық қарызды жоюға арналған өтініш жазуы қажет және бекітілген кесте бойынша 2023 ж. 30-31 мамыр күндері тапсыруға болады.
- «Қазақстан тарихы» пәнінен академиялық қарызы бар 2,3-курс студенттері 2023 жылғы 9 маусымға дейін жеке кабинет арқылы немесе білім алушыларға қызмет көрсету орталығына (002-каб.) жазғы семестрде қайта тапсыруға арналған өтініш жазуы қажет.