Білім алушылардың назарына!
Егер емтихан сессиясы кезеңінде:
- FX (25-49%) белгісіне сәйкес келетін "Қанағаттанарлықсыз" бағасына емтихан тапсырған білім алушының бағдарламаны қайта өтпей-ақ, қорытынды бақылауды қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда білім алушы емтиханды қайта тапсыру үшін БҚО-ға (білім алушыларға қызмет көрсету орталығы) өтініш жазады;
- F (0-24%) белгісіне сәйкес "Қанағаттанарлықсыз" бағасын алған білім алушы осы пәнге қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, пәнге сәйкес оқу жұмысының барлық түрін орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады;
- қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген білім алушы келесі күні сағат 13.00-ге дейін ЖМ деканының атына апелляциялық өтініш бере алады. Білім алушы мәселенің қисынсыздығын немесе оның пәннің оқу бағдарламасына сәйкес еместігін көрсеткен жағдайда ғана аппеляция қаралады;
- оң бағаны қайта тапсыруға жол берілмейді;
- барлық оқу мерзімінде пәндерді қайта тапсырған білім алушы үздік дипломға үміткер бола алмайды.